Бұрынғы энергетика министрі  Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

/image/2020/02/05/crop-171_6_703x938_101905333600.jpg

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Сұңғат Есімханов тағайындалды. Бұған дейін ол энергетика вице-министрі қызметін атқарған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Сұңғат Есімханов бұл қызметке дейін 2007-2008 жылдары «Игілік тобы-XXI» ЖШС-нің қаржы директоры, сол жылдан бастап 2010 жылға дейін Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында басшылық қызметін атқарды.

Есімханов осыдан кейін, үш жыл бойы «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ басқарды. 2013-2014 жылдары электр және көмір өнеркәсіп департаментінің директоры, 2018 жылға дейін энергетика министрлігінің атомдық-энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болды.

2018 жылдан бастап Есімханов энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи